ӘЖЕ /113/

lat: ÁJE /113/

зат. 1 . Әкесінің шешесі, ұлы ана .

Қысып тұрып қысқышпен желкесінен,

Әжем оны алыпты жер төсінен.

Анама сүт әкел деп бұйырыпты,

Әңгімені доғарып келтесінен (1,232).

Әжесі абысын-ажындарымен қайта-қайта құшақтасып, көзін сулап жүр. Қаңырап қалып бара жатқан жұртына қарап өксігін баса

алмайды (4,112).

2 . Кез келген қарт әйелге құрметпен айтылатын қаратпа сөз .

Тамаша қалай өтті, әже , жұрт көп болды ма? деп көріп еді, оған да әжей салқын, доғал жауап берді (4,158).

Әже , сіз де жас болдыңыз ба? деді Дариға шай үстінде сиқырлана күліп (4,158).