ӘКІМШІ

lat: ÁKİMSHİ

з а т. 1. Әкімдік құрушы, билік етуші. Қазақтар да: «Германға барып қырылғанша өз жерімізде шейіт боламыз» деп орыс әкімшілеріне, патша заңына қас (С.Сейфуллин, Тар жол.).

2. Көпшілік орындағы белгілі бір қызметке жауапты адам, администратор. Павлодар қалалық қонақ үйі әкімшісінің алдында тұрмын (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). Бюджет әкімшілері қаржыны игере алмай келеді («Егемен Қазақстан»).