ӘКІМШІЛІК

lat: ÁKİMSHİLİK

з а т. қ о ғ.-с а я с и. 1. Мемлекеттік билік пен басқарудың атқарушы және өкім етуші орғандары; басқару аппараты. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың схемасына сәйкес анықтап, әкімнің ұсынуымен мәслихат бекітеді (ҚҰЭ). Американ әкімшілігі әзірге Саддамнан кейінгі Ирактың тағдырына қатысты жоспарларын жариялауға асықпай отыр («Жас Алаш»). Шетелдегі қазақ диаспорасына ол елге көршілес облыстардың әкімшіліктері де жан-жақты көмек жасап отыруы керек («Қаз. әдеб.»).

2. Мемлекеттік мекемелерді, кәсіпорындарды, қогамдық ұйымдарды басқарушы лауазымды тұлгалар, басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы. Операция жасауға әлгі адамның келісім бергені үшін завод әкімшілігі оған 10 сом сыйлық берді (С.Табынбаев, Жемсау.). Айтуын айтқанмен, әкімшілік тарапынан қыспақ жасалмаған соң, сорпалық балық үшін болмаса, кәсіп үшін ешкім суға ау салған жоқ (Ә.Сараев, Тосқауыл).

3. Мемлекеттік орғандардың басқарушылық қызметі; басқару саласындағы ұйымдастыру қызметі. Сөйткенмен де, әмір берушілік және әкімшілік қызметін атқаратын осындай қызметкерлер санатының сыйақылар алып жүргендігі жайлы көптеген деректер іс жүзінде кездесіп жүр («Егемен Қазақстан»). Әдхан әкімшіліктен айрылып, абақтыға түсіп шыққан соң әбден ашынып алыпты, жынын шақырған бақсыша, күңірене сөйледі (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Сендердің істеріңе килігіп әкімшілік жасауға менің ешбір құқым жоқ (С.Сарғасқаев, Төмпіш қара).

// Әкімдікке қатысты, әкімдік тарапынан атқарылатын қызметке, ісараларга қатысты. Шынында да бытыраңқы басшылық, көп баспалдақты әкімшілік оралымсыздыққа, кей реттерде икемсіздікке алып барып соқтырады (С.Мәуленов, Жер нәрі). Қаланың барлық әкімшілік істері жұмыскерлер мен солдаттардың қолында еді. Ең алдымен осының зардабы күн санап күшейіп, қазір асқынып алған екен (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). 4. Жауапты басқарушылар (белгілі бір ісара т.б.).  Көрме әкімшілігі.

5. Билік, лауазым.

Мұны ойлап, байлық жақтан көңілім безді,

Онан бақыт таппасын жүрек сезді.

Әкімшілік бақыт деп жұрт айтады,

Осы қалай екен деп ойым кезді (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Әкімшілік.

Бұйырмаған.

Ақыншылық

Үйір маған.

Сұрамаған

Есі дұрыс.

Сірә, маған

Осы дұрыс.

Еркім барда

Қапылмаймын.

Өртім барда

Лапылдаймын (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Хандардың жарлықтары, әкімшіліктері билердің дегенімен, билердің ақылымен болған (С.Сейфуллин, Шығ.).