lat: ÁKETAI
з а т. 1. Әкесінен немесе сол тұстас адамнан бір нәрсені жалынып, қиылып сұрағанда құрметтеу мағынасындағы айтылатын қаратпа атауыш. Оқыт бізді, әкетай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, кұдай-ай! (С.Торайғыров, Алаш ұраны).
«Аруағыңнан айналайын әкетай, өзің жар бол» деді Қасым күбірлей. Онысы бір діншілдігі емес (М.Сүндетов, Қызыл ай).
Қуансаң қуана бер әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын (М.Шаханов, Ғасырлар.).
2. Өз әкесін немесе жасы сол тұстас ер адамды қадір тұту мағынасында айтылатын атауыш. Әкетайымнан сұрайын.
3. ж е р г. Өз баласын немесе баласындай адамды еркелетіп айтылатын сөз.
Әкетай, қазір бітіреміз. Үлкен үйге бара тұршы (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).
Әкетайымның қарны ашып қалыпты ғой, - деп шешесі жік-жапар болып жатыр («Қаз. әдеб.»).