lat: ÁLİ KÚNGE
Күні бүгінге дейін.
Селк еттім даусыңнан шошығандай,
Жүр едім өз мұңымды өшіре алмай.
Жиырмамда алдап кеткен махаббаттың
Күнәсін әлі күнге кешіре алмай (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Біреулер жүр әлі күнге жарымай.
Біреу торта.
Біреулер жеп сары май.
Әрі кедей,
Әрі сараң ер бар ма?
Жолдас бар ма әрі жомарт,
Әрі бай?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).