lat: ÁLPETTİ
с ы н. 1. Кескіндес, іспеттес.
Қыс әлпетті шалдардың
Қырау мұртты жүзінен,
Кеткенін ызғар аңғардым,
Көктемдей күлген көзінен (Т.Жароков, Шығ.).
2. Келбетті, келіскен. Жұмаш Еленовтың жазуы бойынша Мұхаметжан әлпетті, аласа бойлы, толық, дембелше келген кісі болған екен (Б.Кенжебаев, XX ғ. дем. жазушы.).
3. Сияқты, тәрізді. Өнген-өскеннің жарастығын даттап тұрған көрікті дүние, енді ғана Несіпбайға жадырап қараған әлпетті (М.Әуезов, Таңд.).