lat: ÁLSİREÝ
Әлсіре етістігінің қимыл атауы. 1. Күші азаю. Қисық сызықтың жоғары көтерілуі еттің жиырылуын көрсетеді, бұл қысқару фазасы, оның аяқталған кезінде қисық сызық төмен түседі, бұл - еттің әлсіреу фазасы (Адам анатом.).
2. Шаршау, күш-қуаттың кемуі. Кербұғының базарлы өмірі алда; қазіргі әлсіреуі кәрілікке жеңдіргені емес, ұдайы үш күн күйектен соңғы шаршауында (О.Бөкеев, Қайдасың.).
3. Солғындау, көмескілену. «Ой тасқыны» әдісінің қалыпты реалистік үлгіден негізгі айырмашылығы онда сюжеттік оқиға желісінің әлсіреуіне мүлде болмауы («Қаз. әдеб.»).