ӘМБЕБАП

lat: ÁMBEBAP

сын. "лат." 1. Жан-жақты, көп қырлы, бесаспап дам). Оның таныс бір драматургі бар еді. Өзі домбыра да тартады, ән де салады. Сол әмбебап бір күні Тұрар Бектасовты қонаққа шақырды (Т.Әлімқұлов, Көкек). Ана ақ бас дәрігерлер барып тұрған әмбебаптың өзі екен (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас.).

2. Алуан түрлі, сан салалы (зат, нәрсе). Бұл - металл кескіш, бинт ойтыш әмбебап станок (Ж.Дәуренбеков, Уақыттан озған.).

3. Қызметі жан-жақты, көп іске бейім (машина т.б.). Топырақ өндейтін жөне тұқым себетін әмбебап машиналар, сондай-ақ белсенді жұмыс орғандары бар машиналар мен құралдар өндіру ұлғайтылсын (Қаз. ауыл. шар.).