ӘНІ

lat: ÁNİ

е с і м. с ө й л. Әне.

Кездеспей бақыт жолынан

Күрсініп ана қалды әні.

Басқа ешкім оның қолынан

Қалпағын сатып алмады (Т.Молдағалиев, Қош, көктем).

Ауыл әні, анау белдің астындағы көк сайды бойлай қонған («Лен. жас»).

Бұл Бурятта бәрі де бар, шырағым,

Тайға мынау, теңіз міне, тау әні!

Әлдекімнен қызғанып-ақ тұрамын,

Басқа түгіл өзім жұтқан ауаны («Қаз. әдеб.»).