ӘНЕ

lat: ÁNE

е с і м. Анау деген мағынада қолданылатын сілтеу сөз. Әне, тамам қалың ауыл ортасында Ұлжан отыратын үлкен үй тігілді (М.Әуезов, Абай).

Көңіліңнен көтеріліп ойран дауыл,

Кемеңді бұрып еді қайранға бір...

Сағынған сазың әне, тауың әне,

Жатырсың өзің, міне, қайран бауыр! (М.Мақатаев, Шығ.).

Бұл да бір кезім болсын ой ағытқан,

Тағы да келеді, оне, ағарып таң,

Тағы да келеді, әне, ақ боз атым,

Алдымнан мені қимай орағытқан (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).