lat: ÁRİ
ш ы л. Сонымен бірге, және, әм. Жас бала қалжасы жағынан әкесінен айныматын ұзын әрі ашаң болып өсті (Д.Исабеков, Таңд.).
Әрі би әрі мырза, әрі батыр,
Бар еді үш қасиет бір басында (Базар жырау, Шығ.).
Әрі жырау, һәм бақсы,
Сөйлесе сөзі тым жақсы,
Сарыбайдан шыққан Құлназар.
Алтын Топжан, Әлібай,
Егесті жерде тоқталмай,
Нұсқалы жауап сөз табар (О.Шораяқов, Шайыр).