ӘРІ-БЕРІ

lat: ÁRİ-BERİ

үст. 1. Әрлі-берді, ерсілі-қарсылы, олай-бұлай .


Қаңқа қолдар ербең-ербең мәңгілік би билеуде,

Аруақтардың құр сүлдерін әрі-бері сүйреуде,

Желіккен от ішіндегі жалын қармап илеуде (5,66).


Жиналайық, төменгі жолмен олардан бұрын қалайда асуға ілігу керек,Тек әрі-бері жүргінші болмаса болғаны (4,197).



2. ауыс. Біраз, бірсыпара .


Доктор әрі-бері қарап көрді де, басын шайқады (4,170).