lat: ÁRBİR
е с і м. Әр, жеке-жеке алғандағы, әрқайсысы. Тек қана баласының әрбір адымын санап тұрғандай, көзі шоқ ағашқа қадалып қалыпты (Ғ.Мүсірепов, Таңд.).
Тыныштықпен күн батып, кеш кіреді,
Біздің жерден шаттық ән естіледі.
Адамның баласына жат қылықтар
Әрбір таң атқан сайын ескіреді (М.Мақатаев, Шығ.).
Шәйі сиса, асыл қылыш ердің көркі,
Ер жігіт жауға аттанған елдің көркі,
Жарасар әрбір нәрсе өз сәнімен,
Аққу құс айдын шалқар көлдің көркі (Шал ақын, Өлеңд.).