ӘРЕКЕТСІЗДІК

lat: ÁREKETSİZDİK

з а т. 1. Шарасыздық, әрекет етпеушілік. Мысалы, теңсіздік, озбырлық, әділетсіздік, әрекетсіздік, надандық жайғасқан жайды ақын, көбіне «түн», «түнерген төбемізден бұлт арылмай», «қасірет», «өртке душар болып».. .деп бейнелейді (А. Байтұрсынов, Шығ.). Оқыған сайын бас кейіпкер Жәдігердің олақтығына, әрекетсіздігіне, жасықтығына ыза («Қаз. әдеб.»). Енді бірде, әрекетсіздіктен әбденрәсуа болғаны ма, кім білсін, арғы шеткі үйдің жас келіншегін тауып ап, қорбаң-қорбаң етіп, әлгіні шаңқылдата ашуландырып, оқыс түртіп қалып, бірдеңелер істеп жүреді (З.Қабдолов, Жалын).

2. п с и х. Адамдардың жұмыс қабілетінің тоқырауга ұшырауы. Әрекетсіздік- енжарлық, жалқаулыққа соқтырып, ақыл мен сананың дамуына да теріс әсерін тигізеді (Қаз. тілі термин. Педагогика).