ӘРЕКЕТТЕСУ

lat: ÁREKETTESÝ

Әрекеттес етістігінің қимыл атауы. 1. Бірігіп әрекет жасасу. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз - оның халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне барынша сай келуі, жерді пайдалану мақсаттарын барынша тиімділікпен жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жердің басқа да табиғи факторларының үйлесімді әрекеттесуі және оны қорғау (Т.Қалыбеков, Экология.). Экспрессема «лингвистикалық» пен «эстетикалықтың» нақты өзара әрекеттесуінен құралады, сондай-ақ жалпылық пен жеткіліктің, типтік пен ерекшеліктің, материалдық пен идеалдықтың, форма мен мазмұнның бірлігі болып табылады («Қаз. әдеб.»).

2. х и м. Әсерлесу, әрекетке түсісу. Бірақ бұл әрекеттесуде гидрид түзеуші элементтің период системасындағы орнына тәуелді (Б.Бірімжанов, Жалпы химия).