ӘРИНЕ

lat: ÁRINE

Қолдау мағынасындағы сөз. Қыблаға қарамақ - әрине, Құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зиратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты (Абай, Шығ.). Ойхой, Абай даласы «Абайла- ған»,

Семей десе, Абай деп қарайды адам.

Талай жылдар өтсе де, талай заман,

Қалам тартар қазақта ақын туса,

Аруағына Абайдың қарайлаған.

Абай болу, әрине, оңай емес,

Ақын болмай қалсаң ғой...

Қалай жаман! (М.Мақатаев, Шығ.)

Көргендерін сан ғасырлар сүйіпті ел,

Әрине, олар - топты жарған жүйріктер,

Сәлем саған, біз шықпаған биіктер! (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Ал, қарағым, тұрмайды ешкім жолыңда,

Өз тағдырың,әрине, өз қолыңда.

Бақаның да әніне сай бағы бар,

Іздегенің жабы болса, табылар (М.Шаханов, Ғасырлар.).