ӘРИНЕ /40/

lat: ÁRINE /40/

мод. Иә, әлбетте, солай .


Ей, менің сайран мекенім!

Адамға бермес екі өмір,

( Әрине , болмас екі өлім).

Мен сенен ертең кетемін,

Айдынын қимас аққудай,

Айналып ұшып өтемін (2,235).


Бәріне жауаптымын.

Қашан менен қалғалы тағат, тыным,

Пісіп тұрған егінді бұршақ ұрса,

Айтыңдар жауапты кім? Әрине , мен

Мен оған жауаптымын (3,231).