ӘСКЕРИЛЕР

lat: ÁSKERILER

з а т. Әскери адам. Иракта болатын соғыстан репортаждар жүргізетін АҚШ журналистері әскерилермен тең құққа ие болған көрінеді («Алматы ақшамы»). Қазақстан әскерилерінің француз тілін меңгеруіне жағдай жасау, тағы басқа да өзекті шаралар қарастырылды («Егемен Қазақстан»). Бұйрықпен ғана жүретін әскерилер оны тыңдасын ба? («Егемен Қазақстан»).