Қалыптасқан дәстүрге сәйкес. Дағдылы әдеті бойынша, ұлықтар бұл жиынның алдына келуге асықпайды (М.Әуезов, Абай жолы). Құдаша орнынан тұрып әдет бойынша сауықты бастап өзіне мақтау сөз меңзеген ақынға жібек орамал ұсынды (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Отырған әйелдер кәдуілгі әлмисақтан келе жатқан әдеті бойынша, ауыздарын тағы бір сылп еткізді (Ғ.Мүсірепов, Шұғыла).