lat: Ádil
Адл ("Әділеттілік' адамның әділеттілік, шыншылдық сияқты адамгершілік тұрғыдағы бағасы, Құранда әділ ұғымы мейірім үшін де зұлымдық үшін де бірдей әмір ететін Алланың негізгі қасиеттерінің бірі ретінде беріледі. Алланың әділдігі – ең жоғары, адам түсінігінен биік, әділеттілік, адамзат жалбарынғанда Алладан қайырым етуін сұрайды.
Адамға байланысты қолданғанда, әділ-зұлымдық ниетін көре білу, байқай білу, оны болдырмау, сонымен бірге ұғымдағы әділеттілік. Әл-Ғазали әділ сөзін ихсан ("шынайылық". "ар") ұғымымен қатар "әділеттілік және ар" деген мағынада қолданады. Мемлекеттік және сайланатын маңызды қызметтен үміті барлар, сондай-ақ қамқоршы болу, куә болу. Тапсырма өсиетті орындау секілді маңызды қоғамдық міндеттерді атқаратын адамдар міндетті түрде әділ болулары қажет. Егер бұрыннан жағымсыз қылықтары байқалмаса арамдық ниеті болмаса мұсылман атаулы әділ болып есептеледі.