Әкелік парыз

lat: Ákelik paryz.

Әкенің бала алдындағы борышы.

- Уақытым жоқ, балам,

Жаныңнан-ақ тап маған

Балалық бұл қарызың,

Әкелік бұл парызым! (Ә.Жанөділов, Үміт).

Сөйтіп, көптен мойнына жүк болған ағалық, әрі әкелік парызын шама-шарқынша абыроймен өтеген («Қаз. әдеб.»). «Баланың киімі бүтін, тамағы тоқ па, одан артық не тәрбие, не қамқорлық керек» деп ойлайды кейбір әкелер. Осылай өздерінің әкелік парызын тым жалаң, сыңаржақ ұғынады (С.Байжанов, Сыр.).