Әлем

lat: Álem

з а т. 1. Жер жүзі, дүние- жүзі, жиһан.

Әлемдегі ғаламат

Игілікке арналса,

Өнері ортақ азамат

Еңбекте ғана арланса

Оқу-білім өркеймек,

Елге егіп пайдасын.

Ел жетіліп, көркеймек,

Өнер қанат жайғасын (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Қырымды көзі байқаған,

Қолдың алдын жайқаған,

От орнындай айтабан,

Келер ме екен әлемге

Сіздей бір адам қайтадан! (Базар жырау, Шығ.).

Қаны аққан қайран менің мұсылманым,

Осы ма екі ортада қысылғаның?!

Бейіштің ақ қанатты ақ құстарын

Айырып ұясынан үшырғаның?!

Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,

Құрбан болсын

Құдайым үшін жаның!!! (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Жер бетін мекендеуші барлық халық, әлеумет.
Ақылыңмен әлемнен ассаң-дағы,

Жан үшін алтын, күміс шашсаң-дағы,

Артынан атааба бір барармыз,

Жел мініп жеткізбестей, қашсаң-дағы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Ойыңа білім, нұр салған,

Бақыттың түңғыш қаласы.

Қайратына әлем таң қалған,

Қалаға сонау қарашыамбыл, Шығ. жин.).

Көтеріп ән мен жырдың күй қанаты,

Жүрегің ұшар құс боп аспанында.

Әлемнің саған ауып махаббаты,

Сарыарқа орнар сенің жас жаныңда (Қ.Аманжолов, Таңд.).

3. Табиғат дүниесінің жеке-жеке бөліністері, түрлері.

Жаздың түні барқыт еді әдемі,

Ашық еді бүкіл аспан әлемі.

Ай сәулесі түсіп тұрды жүзіңе,

Қабағында сәл көлеңке бар еді (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).

«Миколай соққан сөлкебайдай әдемі»,

Шота десек, жайнар сөулет әлемі.
Алпыс қатын алса да Абылай атасы,

Қасында жүр жалғыз ғана әйелі (К.Салықов, Жезкиік).

Жыртқыш төбеде біраз жүрді де тайып отырды. Құс әлемінде қайтадан тыныштық орнады (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

4. а у ы с. Өмір тіршілігіндегі әртүрлі құбылыстар, салалық бөліністер. Қазір айбынды гвардеецтер әділет әлемінің қүдіретті қолымен қара жүрекке бойлата түйреген зауал найзасындай жау бекінісін бұза- жарып, ілгерілеумен барады (Ә.Сәрсенбаев, Офицер.). Күй төгіп көкірегіңе дала лебі жасыңнан әлдиледі ән әлемі (М.Әлімбаев, Лирика).