lat: Álemish
з а т. Әшекей, өрнек. Зергерлер жүзік, сырға, ілгек, аттың обзелдеріне әлеміштер әзірледі (М.Елеусізов, Шоқан Уалиханов.). Тас қашаушы екі шебер. Бірі жаңа құрылыс үшін тасқа әлеміш салып жатыр («Қаз. әдеб.»).
// Түрлі түсті, әлем-жәлем. Қыздың өңінде реніштің ізі жоқ, үстіне алабажақ, әлеміш, шолақ жең көйлек киген, шашы дудырап иығына түскен Доғалға таңырқай қарап тұр (Т.Ахтанов, Дала сыры). Бүл кітаптан сіз әлеміш бояуды, жалған патетиканы кездестірмейсіз («Қаз. әдеб.»).