lat: Álemishte
е т. Әшекейлеу, өрнектеу.
Ортада үлкен ақ үй сегіз қанат,
Түзелген кемшіліксіз сән-салтанат.
Оюмен әлеміштеп отауларды,
Торлаған туырлығын неше қабат (И.Байзақов, Шығ.).
Басында құндыз бөрік, көк драп шапанының жағасын қызыл күрең пүлішпен әлеміштеген (К.Оразалин, Көктем.). Сен байғүс, үйді әлеміштегеннен басқа білетінің бар ма? (Ш.Хүсайынов, Таныс адам.).