[заттар]. Зергерлік бұйымдар. Әшекей бұйымдарға бағалы емес жай тастардан, металдардан және т.б. жасалған әйелдер тағатын әшекейлер жатады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Сәукеленің әшекей заттары көп болғандықтан әрі олар қымбатқа түскендіктен, ертеде күйеу жағы қалың малдан тыс сәукеленің құнын төлеген. Ол төлем халықтың тілінде басжақсы деп аталған (Р.Шойбеков, Қаз. зергер. сөздігі).