Әскери артиллерия

lat: Áskerı artılerıa

ә с к. Ұйымдық жағынан әскер құрамына (мысалы, мотоатқыштар, танк, әуе десантына) кіретін артиллерия. Әскери артиллерия батальондық, полктік, дивизиялық, корпустық, армиялық болып бөлінеді (Қаз. тілі термин. Әскери.). Әскери артиллерия құрамына толық моторланған зеңбіректі, жойғыш-танкіге қарсы артиллерия, танкіге қарсы минаатқыштар, басқарылатын реактивті снарядтар мен реактивті артиллерия кіреді (Қаз. тілі термин. Әскери.).