Әскери авиация

lat: Áskerı avıasıa

ә с к. Қарулы күштердің басқа түрлерімен бірге және өз бетімен іс- қимылдар жасауға арналған авиациялық бөлім. Әскери авиацияның ұрыстық қуатының негізі - дыбыстан ұшқыр, әртүрлі бомбалау, ракеталық және атқыш-зеңбіректік қару-жарақпен жабдықталған, барлық ауа райына бейімделген ұшақтар (Қаз. тілі термин. Әскери.). Арналуына байланысты әскери авиация алыс қашықтық (стратегиялық), майдандық (тактикалық), армиялық, әскери-көліктік және арнайы авиацияға бөлінеді (Қаз. тілі термин. Әскери.).