Әскери қызметтің белгісі және әскери ар-намыстың символы ретіндегі киім үлгілері. Қазақстан Армиясы 1993 жылдан бастап бірыңғай әскери форма киюге көшті (Қаз. тілі термин. Әскери.). 1997 ж. армиямызда әскери форманың парадқа, жорыққа, күнделікті киетін жаңа түрлері қабылданды (Қаз. тілі термин. Әскери.). Алда, деревня үйлерінің ауласымен бірен-саран әскери форма киген адамдар көрінеді (Б.Момышұлы, Москва.).