ӨҢДЕУШІ

lat: ÓŃDEÝSHİ

зат. Өңдеу жұмысын жүргізуші адам.

Орыстың ұлы композиторы Глинка өз творчествосы жайлы: «біз халық әуенінің өңдеушілері ғанамыз» деген ғой (Ж.Молдағалиев, Тыңдағы.).

// Өңдеу жұмыстарын жүргізуші.

Соңғы төрт жылда ғана республика кәсіптік-техникалық білім беру орындары 1650 комплектіге металл кесуші және ағаш өңдеуші станоктардың 500-ден астамына ие болды («Қазақст. мект.»).