Өңделме шикізат

lat: Óńdelme shıkizat.

экон. Жаңа өнім әзірлеу үшін ұқсатуға берілген (қабылданған) өнім.

Өңделме шикізат экспорт-импорт келісім-шарттары бойынша «кеден аумағында ұқсату» тәртіптемесіне ақырғы өнім еліне уақытша әкелінетін немесе кейіннен қайтарылу шартымен уақытша әкетілетін тауарлар; тапсырыс берушінің ұқсатуға немесе жаңа өнім әзірлеу үшін кешенді материалдар ретінде мердігерге беретін тауарлары түрлеріне бөлінеді (Қаз. тілі термин. Экономика.).