lat: ÓKİL
1 зат. 1. Белгілі бір елдің, мекеменің, ұйымның көзқарасын, мүддесін білдіретін, оны жүзеге асыратын ресми адам.
Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядағы (Бұхара, Ферғана және Хиуа) қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды (“Жалын”).
Алып ұшқан қыз қиялы, сірә, тыным тапқан ба? Бірде колхоз клубында диспут болып жатқанда: Алматыдан өкіл келді, желке шашы бір қарыс Аты – Оралхан, мамандығы – жазушы әлде журналист (М.Шаханов, Ғасыр.).
2. Белгілі бір топтың (халықтың, ұйымның, таптың) атынан келген кісі.
Олардың ішінде орыстар, украиндар, қазақтар, грузиндер тағы басқа ұлттардың өкілдері бар (К.Тоқаев, Көмескі із).
Ол кездерде қарасүйектен шыққан адамдардың ішінде бұндай лауазымды орындарда билікке ие жұрт – өзбектен ғана шыққан немесе әскери жағынан тірек боларлықтай, саны көп ру өкілдері ғана отыра алатын (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).
Қазіргі уақытта қазақ халқының асқан музыкалық дарындылығын көрсететін, кезінде зор баға алған, мәселен Европа мәдениетінің көрнекті өкілі Ромэн Роллан зор баға берген 1500-ден аса қазақ әндері мен күйлері бастырылды (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).
Әлихан, Ахметтердің ізін басқан соңғы толқынның Смағұл сынды өкілдері жаңа заманда ұлт азаттығын, дәуір бедерін де (контексінде) жаңаша шешуге бел буды (“Жұлдыз”).