ӨКІЛДІК

lat: ÓKİLDİK

зат. 1. Белгілі бір қызметті атқаруға берілген билік, құқық.

Мен «Еңбекші қазақ» редакциясынан газет-журналға кісі жазатын өкілдік куәлік алып шыққанмын (Б.Балабеков, Ән сапары).

Жақсы ой екен, деді, бірақ республика жерін түгел аралауға ұлықсат беретіндей өкілдік менде жоқ қой (Қ.Исабаев, Соңғы.).

Қолымда Қазақстан Орталық партия комитетінің өкілдік қағазы және де тапсырманың орындалғанын хабарлағаннан кейін, оралуға рұқсат еткен телеграмма бар (Ә.Сәрсенбаев, Батыр.).

2. Бір елдің көзқарасын білдіретін, мүддесін қорғайтын мекеме.

Ресейдегі барлық орыс емес ұлттарға өкілдік еткен «Автономия бірлігі» төрағасының орынбасарлығына сайланған еді (М.Шоқай, Таңд.).

Толып жатқан мейманды сессияға қатысушыларды, Сенегал үкіметінің жанындағы өкілдіктердің басшыларын шетелде сапарда жүрген президенттің орнына қалған ішкі істер министрі Амаду Сиссе Диа қабылдады (Ә.Шәріпов, Алыс).

192224 жылдар аралығында Бүкілодақтың Атқару Комитетімен, Россия Федерациясы Халық ағарту комиссариатымен, Москвадағы қазақ өкілдігімен байланыс жасап, Сәкен қазақ жастарынан мұғалімдер даярлау мәселесін қолға алды («Қазақст. әйелдері»).