ӨКІНІШТІ

lat: ÓKİNİSHTİ

сын. Опық жеген, ренішті.

Бірін-бірі қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жорға ұсап: жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұсап, ө к і н і ш т і, өксікті, қасіретті мұңды әнді сарнады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қайғылы, қорқынышты, өкінішті, Басынан өткізді өмір өртті күшті (I.Есенберлин, Большевик.).

Рас! Рас! Өтірік бар ел сенер.

Өкінішті өсек сөзден өлсе ер.

Қандай пайда сенің ғажап даусыңнан,

Айналаңның бәрі керең болса егер?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

Өкінішті, өкінішті,- деді профессор бас шайқап. Қабағы түйіліп кетті. (Т.Жанұзақов, Азамат).

// Өкінетін, қапа болатын жері.

Соның бәрі басшының дұрысы оның атақ-даңқының айбыны. Өкініштісі ондай атақты өзің таңдамай., оның сені таңдайтыны (Б.Нұржекеев, Бір ғана махаббат).

Өкініштісі: қағазға түскенімен, бағасын ала алмаған, әйтпесе болашақ үшін жазылған адамзаттың көптеген ақыл-ойы сол жаңа жазудың сыпырындысының астында қоқыс ретінде қала береді (“Жалын”).