lat: ÓLÝSİRE
ет. сөйл. Өлеусіре.
Май шамның өлусіреген жарығында үңірейген үй іші азынап тұр (С. Жүнісов, Ақан сері).
Өлусірей жанған сықсима жалп етті (С. Шаймерденов, Сыбызғы.).
Қатты қиналып, өлусіреп, ілбіп түртіп қалса құлайын деп келе жатқанбыз (Ә.Жылқышиев, Өмір жыры).
Өлусіреген білте шамның жарығынан Жұман атайдың аппақ сақалы көрінеді (Ғ.Иманбаев, Құстар қайтып оралғанда).