lat: ÓLÝSHİ
зат. Қаза болушы, жанын қиюшы, шейіт болушы, жан тапсырушы, о дүниеге аттанушы.
Өлуші бір рет өледі, сенің шешең өз өліміне жеткенше мың өледі, балаң жүз өледі, әйелің он өледі (Т.Жармағамбетов, Ақ жауын).
Үсіп өлушілер, әсіресе маскүнемдер арасынан жиі кездеседі (Е.Оразақов, Дәрігерлік кеңес).
Өлушінің күні жетпесе, өлтірушінің қолы жетпес (Мақалнама).