ӨЛІМ-ЖІТІМ

lat: ÓLİM-JİTİM

зат. Қаза, шығын.

Енді өлім-жітім көбейді, неше түрлі індет көп (С.Омаров, Өмір тынысы).

Малдың өлім-жітімі жылдан-жылға азайып келеді (С.Байжанов, Үш қиян үш даңғыл).

Өлім-жітімге ұшырап мал басы кеміген болса, бір сәрі, оның пәлені пәлен уақытта түгендей себептен шығын болды деп дәлел айтуға болар еді (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).

Биелері іш тастап, өлім-жітім көбірек болып жұтаңқырап қалған үйірдің жылқыларын қысыраған жылқы дейді (Ш.Жанәбілев, Қаз. мал. атау.).