ӨМІРЛІК

lat: ÓMİRLİK

сын. 1. Тұрмысқа қажетті, өмірге тән.

Таң қараңғысында тұру Дәметкеннің өмірлік дағдысына айналған еді (С.Мұқанов, Шығ.).

Оның өмірлік мақсат-мұраты биік, ол шын мәнінде мазмұнды да қызықты өмір сүргісі келеді (С.Байжанов, Сыр мен сымбат).

Автор ең алдымен комедияға өмірлік ситуацияларды сәтімен таңдап алған (Р. Нұрғалиев, Күретамыр).

2. ауыс. Мәңгі, өмір бойы, тұрақты.

Сен уақытша бой ұсынуды, уақытша мойындауды өмірлік көріп жүр екенсің-ау (С. Хайдаров, Азамат.).

Ақанның Ақтоқтыға көңілі біржола ауып, өмірлік жар етуді қалаған (С. Жүнісов, Ақан сері).

Баянды бақытымның бетін аштым,

Өмірлік жар еттім де сүйгенімді (Ө. Жайлауов, Шопан.).