ӨНІМ

lat: ÓNİM

(лат. productio, producere өндіру) өнім. Белгілі бір уақыт аралығында (дүниежүзінде, елде, шаруашылық саласында, кәсіпорында, жеке қызметкер өндірген) өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі (Қаржы-экон. сөздігі).

Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техникалық қондырылғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) өнім болуы мүмкін (Қаржы-экон. сөздігі).