lat: ÓNDİRİSTİ
сын. Өндірісі бар, өндірісі мол.
Күн көрісі тарылған ел кедейлері қалалы, өндірісті орындарға жұмысшылыққа, малайлыққа кететін болды (М.Әуезов, Әр жыл).
Қазір ұлы өндірісті өлкеге айналған біздің Қазақстанның кен байлығы көпті сұрайды (І.Жансүгіров, Шығ.).
Одан бұрын қаншама облыстық шаһар, өндірісті орталық дегенмен, қаншама өсті-өзгерді дегенмен, ескі қаласынан онша аса алмай келген (Ж.Исмағұлов, Адам мерейі).