lat: ÓNDİRİSTİK
с ын. Өндіріске тән, өндіріске қатысты.
Милютин қатысқан советтер съезі өтісімен ревком мұны халыққа өндірістік бұйымдар алып кел деп, Саратовқа аттандырған болатын (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік).
Заводта тәжірибелік әрі өндірістік жабдық орнатылған болатын (Ә.Ибрагимов, Нағыз.).
Өзі өндірістік кооперацияда қызмет істейтін Дүзенова Сәтімбайға келді (С.Шаймерденов, Сыбызғы).