lat: ÓNER
зат. 1. Бір істі ұқсатып жасау қабілеті, шеберлік.
Адам баласының мәдениет тарихында өнер деген нәрсе көрнекті орын алған болса, бұл күнгі мәдениетті адамның өміріне өнердің зор маңызы бар болса, жалпы білім беретін мектепте өнердің қандай орын алу керектігі өзінен-өзі көрінсе керек. Өнерге негіз салуға жалпы білім беруді көксеген әрбір мектеп тырысуға міндетті (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бұрынғы көшпелі қазақ елінің негізгі кәсібі, өнері мал өсіру болды, әсіресе, қой шаруашылығы өріс алды (М. Ермеков, Қазақст.).
Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді? – дейді Төстік (Қаз. ертег.).
2. Өмір шындығын көркем образдар арқылы бейнелейтік қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Өнер туындылары: көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино, музыка, би, сәулет өнері болып бірнеше түрге бөлінеді (ҚСЭ).
Өлеңді мен өнер деп білемін, өлең жазуды жақсы көремін (Ә. Нәбиев, Шолпан).
3. ауыс. Кәсіп, харекет.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған (Абай, Тол. жин.).
Оқудан шыға ұстады ата өнерін,
Асырды атасынан әрбір жерін (Абай, Тол. жин.).