lat: ÓNERLİK
сын. Өнерге тәндік, өнерге қажеттілік.
Поэзиядағы азаматтық үн әрқашан оның өнерлік күшін де, қоғамдық қызметін де айқындайтыны белгілі (Уақыт және қаламгер).
Ондай жағдайда «Сұлушаш» өнерлік өнегеге айналмасы анық (Қ.Ергөбеков, Жан жылуы).
Бұл күнде бұл екі туысқан халықтың өнерлік қазынасы бүкіл советстан мәдениетінің ұлы мұхитына құятын Еділ мен Ертіс сияқты (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері).