lat: ÓNERTABYS
зат. Өнімді көбейтерлік мәні бар, бір нәрсені жетілдіру арқылы табылған жаңалық.
Өнертабыстың үздік жетістігі ретінде бұл аппарат елімізде ғана емес, шетелдерде де кең танылды (Ж.Ыбыраев, Абай.).
Патенті бар жақтың ризалығынсыз өнертабысты ешкім пайдалана алмайды (ҚазССР азаматтық кодексі.).
Өнертабыстар мен радионализаторлық ұсыныстарды халық шаруашылығына енгізуден өткен бесжылдықтың ішінде жалпы мөлшері жарты миллиард сомнан астам қаржы үнемделді («Қазақст. коммунисі»).