lat: ÓRKENIETTİ
сын. Өркениеті бар, қоғамдық, мәдени дамуы жағынан көтерілген, жетілген.
Сөздің тоқ етері, қолымыз бен тырнағымыз әдемілігімізге үлес қосар, жан сырымызды ақтарар маңызды мүшелеріміздің бірі. Сондықтан да болар, қол мен тырнақ күтіміне өркениетті елдердің сонау ерте кезден мән бергені («Жас Алаш»).
Өркениетті елдердегі мемлекет байлығын бөлісудегі әлеуметтік әділеттілік принциптерінің біршама сақталуы ел азаматтарын отаншыл ете түседі («Қаз. әдеб.»).