lat: ÓRKESHTİ
сын. 1. Өркеш біткен, өркеші бар; семіз.
Ай мүйізді сиырды, желінінен сүт аққан, тау өркешті аруана
Ағылған шар тараптан (Жамбыл, Бір томдық).
Дүние жүзінде түйенің екі түрі ғана – бір өркешті және екі өркештілері кездеседі (Қымыз.).
Таяқпен малды ұруға болмайды, малдың еті мен сүтін қандай жақсы көрсең, өзін де сондай жақсы көр, сонда ғана төлің аман, қойың құйрықты, жылқың жалды, түйең өркешті болады (Д. Еркінбеков, Шығ.).
2. ауыс. Шоқы-шоқы, өркеш-өркеш. Бизанов солдаттары жайылып жүрген тұсаулы аттарын тауып мінгенше, құйындатқан қазақ жігіттері жүзге таяу жолдастарын оққа ұшырып, бұйратты белес, өркешті адыр арасына кіріп, көзден ғайып болды (I. Есенберлин, Қаһар).
Вернердің көзі жолда емес, поезы өрлеп келе жатқан сайдың басынан көрінген өркешті айыр тауда (Қ. Исабаев, Ажал құрсауы).
Талайсыздың шағылар тауы тағы, Тәуба айтпастар тәуір-ақ қағытады. Көз алдыма көлбеңдеп өркешті жон, Бекбаудағы бәйге жол шаңытады (Ж. Жақыпбаев, Ләйлә).