lat: ÓRNEKTİ
сын. 1. Өрнегі бар, әшекейлі, өрнектелген.
Абайдың істеп кеткен қызметі әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуға лайық (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Көгала киіздей тұтасқан көк сазға жағалай тігілген әсем өрнекті киіз үйлердің көркі көздің жауын алғандай (Н.Айдаров, Жазылбек Қуанышбаев).
Төрт өрім, жез өрнекті сал қамшыны сенің әкеңе де жасап бергем (С.Бақбергенов, Мен сізді сүйемін).
Көз тартады өрнекті шыны кесе,
Береді ер тілеуін тәңірім десе (Айтыс).
2. ауыс. Көркем, мәнерлі.
Өлімді ойламаған сорлы басым,
Дүрмекке елтіп жүріп қапы қалдым.
Өрнекті өлеңімнің гүлі қурап,
Сөгілген ескі етіктей қақырадым (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Өрнекті сөз толғағы жетіп, өз дәуірінде ғана туады да, барша заманға сиымды сөз болып жасайды (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз).