lat: ÓSİM
зат. 1. Адам, жан-жануарлардың, өсімдіктің көбейіп өсуі; өнім.
– Әлди, кенжем, әлди, бөпем кесірім, Деп тербесем нәрестемнің бесігін.
– Шынымен-ақ қоямыз ба тоқтатып, Біздің үйдің адамының өсімін (Ә.Тәжібаев, Шығ.).
Қазіргі уақытта қала маңындағы көптеген совхоздардың табынындағы сиырдың өсімі тым аз (Қ.Нұрғалиев, Сүт өндіру.).
Сексеуіл тұқымдары ылғал аз болған жылдары шықпай қалады, шықса да өсімі нашар болады (А.Балтабаев, Шөлде.).
2. Қосымша түсетін үстеме, пайда.
Қайырсыз байдан пайда жоқ –
Нашарға жәрдем бермесе,
Кем-кетігін көрмесе,
Көн болып қатса сіреуі,
Екіге сатса, біреуі
Несиенің өсімі
Мөлшерлі жоқ кесімі
Үзбей құйса толмаса (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Тауып бер, жерден қазып жесірімді.
Тигіздің бүкіл елге кесіріңді.
Қырық жеті, тоғыз түйе, тоғыз бие,
Ат, айғыр санап алам өсімімді! –
Берген ат, берген түйе тоғыз айып,
Ежелден ереже бар қойған салып.
Аламанның жылқысын түгел келтір,
Қалдырмай бір тайын да кетем алып! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Уақ қарыз серіктігінің түп мақсаты серіктескен адамдарға керекті кезінде машақатсыз, оңай жолмен, жеңіл өсіммен қарыз беріп тұрмақ (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).
3. экон. Әртүрлі формада (несие, ссуда) берілген қарыздан алынатын үстеме кіріс немесе қаржылық сипаттағы салымдардан түсетін өспелі табыс.
Белгілі сомада ақшасы бар капиталист сол сомадан өсім алуға, яғни пайда табуға ұмтылады (Қысқ. саяси экон.).
Өнеркәсіп өндірісінің өсімі өткен жылдың тиісті кезеңіндегімен салыстырғанда 9 пайыз болды («Қазақст. әйелдері»).