ӨСІМ

lat: ÓSİM

зат. <лат. poena> Қаржы міндеттемелерін мерзімінде орындамағаны үшін санкция болып табылатын тұрақсыздық айыбының бір түрі.

Өсім салықтар мен салыққа жатпайтын төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғанда, сондай-ақ, алынған тауар-материалдық қаражаттың, көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстардың ақысын төлеуді кешіктіргенде қолданылады (Қаз. тілі термин. Экономика).