ӨСІМШЕ

lat: ÓSİMSHE

зат. мат. Функцияның шексіздікке ұмтылдыратын мәндері.

Сонымен, қарастырған екі жағдай үшін өсімшесінің таңбалары бірдей болды (Қазақстан мектебі).

Мысалы, функция туындысы ұғымы аргумент пен функция өсімшелері, функция мәндерінің өзгеру жылдамдықтары туралы ұғымдарға байланысты (Қазақстан мектебі).

Осындай әрбір өсімшені беру үшін координаталар мен өсімшенің қозғалыс уақытын көрсету керек (О.Жәутіков, Жаратылыстану. матем. рөлі).