ӨШІРУ

lat: ÓSHİRÝ

Өшір етістігінің қимыл атауы.

1. Сөндіру.

Біреулер өрт өшірумен шұғылданса, біреулер жаралылармен айналысуда (Ә.Сәрсенбаев, Жауынгер.).

Енді жолсыз жерде машинаның жарығын өшіру де қауіпті (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).

2. ауыс. Солғызу, жойғызу. Бойға біткен арынды ғажап өсіруге де немесе мүлде өшіруге де болады (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері).

Құдайдың берген мінезін,

Құлыптап ұстап ішінде.

Өшіру керек ол өзін,

Өзге адам болу үшін де (Қ.Мырзалиев, Көш).